Меню KDT

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына

Қазақстан Республикасы Президенті осы жолғы өзінің Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыртылуын жүзеге асыру, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру қажеттілігін міндеттейді. Жолдауда 5 басымдық аталады.

Бірінші басымдық - жылдамдатылған технологиялық экономиканы жаңғырту. Оған Елбасымыз үкіметке «Цифрлық Қазақстан» программасын өңдеуді және қабылдауды тапсырған. Менің ойымша, осы технологиялық жаңғыртуғда ЭКСПО-2017 үлкен рөл атқарады.Себебі, ЭКСПО-да Қазақстан бүкіл әлем алдында өзінің технология жағынан қалай дамығандығын көрсете алады.

Екінші басымдық - безнес жолын одан әрі жақсарту. Жолдау бойынша стратегиялық мақсат бойынша 2050 жылға дейін орта және шағын бизнестің салымы 50%-дан кем болмауы керек. Осы бойынша қазір ауыл және қала тұрғындары бизнес ашу үшін 16 млн.-ға дейін микронесие алуы мүмкін.

Үшінші басымдық - макроэволюциялық тұрақтылық. Негізгі міндеті ақшалы-несиелі саясатын қалпына келтіру және жеке капиталдарды қаржыландыру.

Төртінші басымдылық - адамдардың капиталын жақсарту. Осы жерде, менің ойымша, қазіргі жастарға көп назар аудару қажет. Олардың патриоттық сезімдерін дамыту және оқу орындарына IT- біліміне оқыту, ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасының айырмашылығы аз болу керек. Жастармен көп жұмыс істеп, психология жағынан да оларға көмек көрсету қажет. Себебі жастар еліміздің болашағы болып табылады.

Бесінші басымдық – сыбайлас жемқорлыққтан сақтану және онымен күресу. Менің ойымша, сыбайлас жемқорлыққа карсы Заңды қатаңдату қажет.

Президент өз Жолдауында білім беру жүйесін өзгерту рөліне аса назар аударады. Білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің басты звеносы ретінде етуді міндеттейді. Оқу бағдарламаларын сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты өздігінен іздеу дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттілігіне аса назар аударады. Жолдауда білім беруді үш тілді әдіске көшіру қарқыны қарастырылады. Сондай-ақ, қазақ тілі республиканың мемлекеттік тілі ретінде елдің экономикасының, оның білім беру мен ғылымының дамуында өзінің басымдығын жоғалтпайтындығы, ағылшын тілінің өскелең жас ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екендігі атап көрсетілді. 

Таймуллина Б.Қ.    қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Просмотров: 681

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор гимназии Арыкпаева Г.А.

Опрос

Статистика

  • За месяц338
  • За неделю122
  • Вчера19
  • Сегодня10
  • Онлайн:0

Полезные ссылки